Жарымжандау

lat: Jarymjandaý

сын есім. экспрессивті. Біреудің қандайда бір кемтарлығын бірден айта салмай, жұмсартып жеткізу мәнінде қолданылатын кемтарлау, дімкәстау деген сөз. Әйел жұмыста, мен жарымжандау адам едім, күтімің болмаса ренжи көрме, қарағым, деп қыз ағасы жағдайын айтты (С.Адамбеков, Қожанасыр.). Менің аяғым жарымжандау еді, жаяу жүре алмаймын, деп Келден тағы қырсығады (М.Тоқбергенов, Жыл он екі ай).