Жарымжандық

lat: Jarymjandyq

зат есім. Мүгедектік, кемтарлық, ғаріптік. Ол жастайынан жарымжандыққа душар болғандықтан, екі аяғын сүйреп басып, белі бұраңдап зорға қозғалатын-ды (Е.Оразақов, Дәрігер.). Атасының жалғыздығын да, жарымжандығын да ескермейді, деп аунап түсіп теріс қарап жатты (З.Иманбаев, Дала әңгім.).