зат есім. медициналық. <латын тілі. hernia> Іш қуысында жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі орнынан ішпердесімен бірге тері астына немесе ет жасушасы арасына шығуы; ауру түрі. Бәрі де көрінеу ескілікті аурулар: жіңішке ауру, жарық, көксау (Ә.Бөкейханов, Шығ.). Жарық көбінесе жүдегенде, қатты күш түскенде т. б. жағдайларда пайда болады (ҚСЭ). Ескіден келе жатқан шап жарығы. Ақсақ, соқырды, жарықты жазды, көксауды алмайды екен (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жарық төмен түскен, ішек түйілген, тіпті шіри бастаған (Е.Оразақов, Дәрігер.). Жарық шыққан жеріне қарай шап жарығы, сан жарығы, кіндік жарығы және кіндік тұсы жарығы т.б. деп ажыратылады (ҚҰЭ).