физикалық. Жарық сәулесі энергиясының екі немесе бірнеше жарық толқынының қабаттасуы нәтижесінде кеңістікте тарала орналасуы. Жарық интерференциясы кезінде қабаттасқан жарық шоғының қарқындылығы бастапқы шоқтың қарқындылығына тең болмайды (ҚҰЭ). Жарық интерференциясына қатысты құбылыстарды И.Ньютон бақылаған, бірақ ол өзінің корпускулалық теориясы тұрғысынан бұл құбылысты түсіндіре алмады (ҚҰЭ). Жарық интерференциясының көмегімен жарық толқындарының ұзындығы өлшенеді (ҚҰЭ).