Жарық газы

lat: Jaryq gazy

химиялық. Метан, сутек және көміртек оксидінен тұратын жанғыш газдар қоспасы.Жарық газы отындарды термиялық жолмен қайта өңдегенде (кокстеу, жартылай кокстеу) түзіледі (ҚҰЭ). Жарық газы толық жанбаса, көміртек оксидінің мөлшері көбейіп адам уланады. Сондықтан жарық газын қолданғанда газ аппаратураларының дұрыстығын қадағалау керек (ҚҰЭ).