Жарық реттегіш

lat: Jaryq rettegish

ф и з. Лампа қуатын қажетіне орай реттеуге мүмкіндік беретін тетік.

Лампаның сәуле таратуын жарық реттегіштіңкөмегімен өркім өз қалауынша қажетіне қарай өзгертуіне, атап айтқанда, үйдегі жарықтың деңгейін, телевизия хабарын көргенде көзге қолайлы болатындай бәсеңдетіп қоюға болады (Шаңырақ энцикл.).

Жарық реттегіш лампаны адамның көңіл күйін көтерерліктей жарқырата жағуға немесе тынығуға жайлы жағдай жасау үшін күңгірттендіріп қоюға мүмкіндік береді (Шаңырақ энцикл.).