Жарық техникасы

lat: Jaryq tehnıkasy

физикалық. Оптикалық сәулелерді (жарықты) зерттеумен және оларды өндіру, кеңістіктік таралуы мен сипаттамаларын өлшеу әдістерімен, сондай-ақ, жарық энергиясын басқа энергия түріне түрлендіру мәселелерімен айналысатын ғылым мен техника саласы. Жарық техникасының дербес сала ретінде пайда болуы физикалық және геометриялық оптиканың, физиология ғылымының, электр тогы мен магнетизм ілімінің дамуымен байланысты болды (ҚҰЭ). Жарық техникасының дамуының маңызды кезеңі электрлік жарықтандыру көздеріне көшуден басталады (ҚҰЭ).