Жарықсыз

lat: Jaryqsyz

сын есім. 1. Жарық жоқ күйде, қараңғыда. Ассыз, жарықсыз, жағдайсыз апталап сол бір үңгірде жату жалықтырған болар оларды (Қ.Қазыбаев, Дәуір аты). Жарықсыз отырғандарына қарағанда ауыс-түйісі былай тұрсын, өздері лаждайтын да таппай отырса керек (А.Мекебаев, Аңызақ). 2. Үмітсіз, жігерсіз. Жарықсыз етер жақсыны көрместің күні, Хан тағына көңілін берместің мұңы Қазанғап күйі сананың қайрағы емес пе? Қайраққа қылыш өтпейді өлместің бірі! (Ж.Жұматаев, Ләйлә).