Жарықтық

lat: Jaryqtyq

зат есім. Жарқырап сәуле түсірушілік. Сүмбіленің жарықтығы сондай, ол жалт етіп шыға келгенде, қой үрке жөнеледі, ат та елегізіп, селт ете қалады (X.Әбішев, Аспан сыры). Бұл сәуленің жарықтығы тым бөлек, Сол сәуледен жүрек бағы көктейді (К.Шілдебаева, Арманым).