зат есім. 10 мен 15 жас аралығындағы жеткіншек. Бір сорлы жесір әйелдің көзінің қарашығындай сақтап отырған жасөспірім қызын алып келген (І.Есенберлин, Алтын Орда). Жасөспірім кезінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана-сезімнің артуы, айналасымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдік-этикалық түсініктер т.б.) қалыптасады (ҚҰЭ). Бұл кезде жасөспірім дербестікке салынып, қимыл-қозғалысқа құштар келеді (ҚҰЭ).