Жасушалық инженерия

lat: Jasýshalyq ınjenerıaá

Қайта құрастыру, будандастыру негізінде жасушаның жаңа типін жасау əдісі. Жасушаларды жасанды жолдармен будандастырғанда, сомалық (денелік) жасушаларды бір-біріне қосқанда будан геномы түзіледі. Ал жасушаларды қайта құрастырғанда жасушаның құрамына кіретін ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды, хромосомаларды əртүрлі жасушалардан алып жаңа жасушаны жасайды.