Жасау

lat: Jasaý

Жаса етістігінің қимыл атауы; дайындау, істеу. Қазақта Еуропа театрының түрін жасау ең алғаш орысша оқыған қазақ жастарынан шықты (С.Мұқанов, Есею жыл). Аянбай жасаған бұрынғы еңбегінің үстіне әлі де творчестволық батыл еңбек жасаудың ерекше маңызды және аса қажетті екендігін Қазақстанның ғалымдары мен бүкіл интеллигенциясы толық түсінеді (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). Оны ең әуелі мектептен бастау керек. Мектеп бағдарламаларына «имандылық сабақтарын» кіргізіп, үлкенді сыйлау, өзгеге қиянат жасамау, жанындағыларға тек жақсылық істеу секілді халқымыз ежелден ардақтап келе жатқан биік моральдық құндылықтарды балғындардың бойына ерте бастан егіп, құлағына құя беру керек («Егемен Қазақстан»).