сын есім. Жастағы, жасқа толған. [Зеренің] Тізесімен тербетіп отырғаны Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Кәмшат (М.Әуезов, Абай Жолы). Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шалдары әдейі барып иіліп сәлем беретін қазекеңнің ежелгі әдеті емес пе (С.Омаров, Қиыр жол). Екі жасар Төлеуқан Омыртқада жұлының. Бұ да саған алданыш Кеудеңдегі шыбының. Төлеуқаным жас болды, Тіле ұзақ ғұмырын (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).