Жасарт

lat: Jasart

етістік. Жас етіп көрсету, әлдендіру, рух күш беру. У жыланнан тазартып, Гүлдендір байтақ жеріңді. Бетіне мұз қатырмай, Шалқыт айдын көліңді. Осындай ерлік істесең Жасартқаның өңімді (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Кәрі жүрегін жасартып, құпия сырын шертетін кезі де осы кез (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). Тіпті оны женьшенмен қасиеті бір екенін ерте кезден білген. Тіпті оны женьшенмен қатар қойып оның адамды жасартатын, күш беретін және көптеген аурулардан айықтырып жіберетін жақсы қасиеттері бар деп келген (Р.Әлімбаев,.. Құстар.). Қартайғанды, сен өлең, жасартасың, Ауыр-ауыр арқама тас артасың. Шырағымды сөндірмей мөлитесің, Қиындыққа көндірмей қасартасың (Т.Молдағалиев, Шақырады.).