Жасқа булықты

lat: Jasqa [kóz jasyna] býlyqty

Көзіне жас толып, сыртқа білдіріп, дауыстап жылай алмады.

-Жасқа булығып ар жағын айта алмаған Мырзағазы дірілдеген қолдарымен бетін әрең сипады да, өксіп кетті (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Алақаныма салып аялағаннан басқа... - деп Әлиза жасқа булығып тоқтап қалды (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).

Жамал көз жасына булығып, көлігінің соңынан ерді (Б.Майлин, Шығ.).

Үй іші тым-тырыс. Ғани ернін тістеді, Күлбаршын көз жасына булықты (Ж.Арыстанов, Таң жұлдызы).