сын есім. Жас шамасында, жас мөлшерінде. Жиырма жастай кіші, сұлу кескінді, ойнақы мінезді тоқалымен көңілдес боп қапты (С.Мұқанов, Есею жыл.). Қор болдың қатын, балам жастай қалып, Ағайын менің үшін тарттың айып. Қырар ем елдің жауын қару болса, Атойлап қалың қолмен қанат жайып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).