Жастай

lat: Jastaı

үстеу. 1. Жас кезінен, ертеден. Ыбырайдың жастай елге жаны ашыған. Кетіріп таласты елдің арасынан, Оқуға облыстың ортасы деп, Торғайдың қоныстанды қаласынан (О.Шипин, Дастан.). Сурет өнерімен жастай айналысса керек, өз қолынан шыққан көп дүниелері үйінде қалыпты (З.Шүкіров, Жас жесір). 2. Жас шағында, көп жасамай, қартаймай. Ханшайымның әкесі жастай өлген. Үй шаруасындағы бар жұмыс жас қыздың мойнында (М.Дүзенов, Ақ әже). 3. ауыспалы мағына. Ерте, мерзімінен бұрын. Алмаларды жастай үзбе, Албыратып сақта күзге, Әркімде алма бар емес пе?! (С.Мәуленов, Алыс кет.).