Жаста

lat: Jasta

етістік. Басына жастық немесе басқа бір зат салып жату, жастану. Астарына тоқымдарын төсеп, бастарына ерлерін жастап, қатарласып, бір-біріне тығылып, екі адам жатыр (С.Сейфуллин, Шығ.). Сарыарқаның самалы бастап алып, Сай-салаға гүл дәрі шашқаны анық. Дала жатыр Көкшеге өкше тіреп, Алатауды басына жастап алып (К.Салықов, Жезкиік). Қоржынын басына жастап қисая кетті (Қ.Жұмаділов, Қаздар.).