Жастан

lat: Jastan

етістік. 1. Төсену, сүйену, таяныш ету. Жең жастанып басыңа, Қол-аяғың төрт жақта, Жатушы едің сол шақта (Үмбетай жырау, Толғау.). Бірінші күн өткен соң, Кетті сабақ басталып, Тік отыру, жастық жоқ Жататұғын жастанып (О.Шипин, Дастан.). Жапалақ та ән шырқады толғана, Кезек әзер жеткен кезде қарғаға, Маңдайына алақанын жастана, Тыңдаушылар қалғып кетті, масқара (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. ауыспалы мағына. Өлтіріп, кегін алу. Оларды өзіммен бірге ала жастанамын, деп ол болмай жүр (Б.Тілегенов, Аққайнар). 3. ауыспалы мағына. Еріксізден біреуге жар болу. Өз қораңның қақпасын сен Қатты жаптың, не айтайын. Жат қораның тақтасын мен жастанамын, қайтейін (Абай, Тол. жин.).