етістік. 1. Темір, болат сияқты металдың отқа салып қатты қыздырудан суы қайтып жұмсаруы, тот басып өтпей қалуы. Жасыған шегені жаңа шеге айдап шығады (Мақалнама). Оңай деме араны, Шебер тілін алады. Жұмсамаса жұмысқа Тот боп жасып қалады (Р.Тышқанбаев, Тоқылдақ). 2. ауыспалы мағына. Көздің көру қабілеті нашарлап, нұры қайту. Жайшылықта қанды балақ қасқырдың көзіндей білеуленіп қызарып тұратын шегір көздері жасып, ағара түскен (I.Есенберлин, Қаһар). 3. ауыспалы мағына. Көңілдің басылуы, жабығуы, қайрат-жігер көрсетпей, күйректік жасау. Қасиетті мақсұт алып көңілге, Таудай талаппен кіріп ең өмірге. Ұзын жолда ор да, сор да кез келер, Қарындасым, жасымада түңілме! (М.Жұмабаев, Шығ.). Мұндай балалар бастауыш мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың медресесінде оқыса да, қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды (М.Дулатов, Шығ.). Қарашаш жасып, жүнжіген жігітті жеккөрінішті назарымен атып тастап, ыдыс-аяқ қамына кірісіп кетті (М.Қабанбаев). Қанаттасым, жалғызым, Тар жерде жылап жасыма (Алмажан). “Пәлі, жаси қалғанын, Сөйлейсің сен де, бәтшағар, Қолынан келсе жауларың, Жүрегіңе де дақ салар (М.Мақатаев, Шығ.).