зат есім. Найзағай, жай. Еһелескен жауымды Алты қырдан асырдым. Бойымда тұрды бұрқырап, Қуаты от пен жасынның (О.Шипин, Дастан.). Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.). Мен Қаз дауысты Қазыбек сөйлеп тұрған, Жасынның жарқырап түскен отында суарылған, Әруақтанған елімнің шашақты туларынан, Мен желекті найзаның жеребесі, Семсерлердің сегіз қырлы селебесі, Қазақтың Қаракесек руынан (С.Мәуленов, Алыс кет.). Аспайды бері асудан, Астан да кестен шың іші. Жарқылдап жатқан жасындар Секілді соның қылышы (C.Жиенбаев, Алтын қалам).