Жасырыну

lat: Jasyryný

Жасырын етістігінің қимыл атауы; тығылу, бой тасалау. Ол енді жасырынудың жөні жоқ деп, қалада болсын, далада болсын, үнемі чекист киімімен ашықтан-ашық жүретін болды (Қ.Исабаев, Соңғы ерлік). Жеребе салысқанда жасырыну кезек әуелі Әбдірахмандарға тиді (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). Өз бейнесін өзі тамашалап көңілі тояттағасын, жасырынуға жерден жарық таба алмай, бір-ақ уыс боп бүкшие қалған қыздың қасына жанаса отырды (М.Ысқақбаев, Сұлутөр.).