Жасырын

lat: Jasyryn

етістік. Көрінбей тығылу, бұғынып бой тасалау, ұрлану. Бас қамы үшін жүргендер, Өңкей доңыз есалаң, Жасырынды бір жерге Бөлінді де сарбаздан (О.Шипин, Дастан.). Мінгені бәрінің де ат пен түйе, Қыс қатты арықтаған айғыр, бие. Түстім де Әлгі шептен жасырындым, Түнімен отырсам да болып ие (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді (Ж.Аймауытов, Шығ.). Есіңде ме айлы түн, тау аңғары? Ай батты. Жастар ойнын тәмамдады. Беткейде қарағайға жасырынған, Сендерді іздеушілер таба алмады... (М.Мақатаев, Шығ.).