Жат етістігінің қимыл атауы. Не пайда бос жатудан шығады деп, Тоқтамай тулап жүрек шиыршық атты. Бабама «Көкше әулие» барайын деп, Бір күні ұстап мінді бурыл атты (Ә.Найманбаев, Шығ.). Оқуда мақсат не: медреседе ж а т у ма, Ескі нұсқа бақастарды татуға: Қанша жыл «Хашия» мен «Мантық» шайнап, Керілдесіп шатуға (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Әрине, жас адам үшін осындай ауылда өмір кешіп жатудың іш пыстырарлық екендігіне дау жоқ еді («Қаз. әдеб.»).