Жат

lat: Jat

сын есім. 1. Жақындық, туыстық қатысы жоқ, бөтен, бөгде дам). Махаббат тұла бойды жеңгендігін, Ұрлық неке қиюға көнгендігін. Владимир кез болмай, жат кез болып, Жарына жолыға алмай келгендігін (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жатқа жем, бай едік, кен едік, Бағың жоқ биліктен кім едік, Партия сұрқия, қым-қиғаш, “Басы аман” көп надан сен едің (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жат туғанды өз еткен, Жақсының ғұмыры аз-ақ болмас па (Шалкиіз ақын, Шығ.). “Қайран біздің даламыз Қазақстан, Таза алтыннан жаралған, таза мыстан”. Деп мақтанып келеміз баяғыдан, Сол үшін де жоқ едік аз алысқан. Ішкі, сыртқы жауменен қанша ғасыр, Қаншама рет даланың тозаңы ұшқан. Біз көрмеген алтынды жат таниды, Антұрғанның көргіш-ақ көзі алыстан (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Жатқа қимай жарты адым, сүйем жерді, Талай көштер түйеге тиелген-ді. Миың жетіп болмайды мұнша жерді, Ата қазақ қалайша иемденді?! (М.Мақатаев, Шығ.). Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады ақал). 2. Бұрын көрмеген, естіп-білмеген, таныс емес. Және де төренің бір жат хабары сол: Қазақтан солдат алынбайды, бірақ мұжықтар секілді қала болам десең, 15 десятина жер беріледі, деді (М.Дулатов, Шығ.). Хат жазған Әбубәкір ғапылдықта, Жібіткен сөз жазса да ахундыққа. Болса да жүзіміз жат, сөзім барсын, Лайық бұ да болар татулыққа (Кердері Әбубәкір, Қазағым). Жапа-жалғыз жабығып қалғанымда, Жат дүние жатады жан-жағымда. Қаным тасып көзіме құйылады, Қаламнан жас қағазға тамғанында (М.Мақатаев, Шығ.). Біріншісі санадағы, әлеуметтік тәжірибедегі жат өркениеттің елдіктен, теңдіктен алыстататын қиянатынан тезірек құрту, екіншісі тәуелсіз, азат Қазақстанның аяғынан тік тұруына, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кейпімен кірігуіне лайықты үлес қосу (“Егемен Қазақстан”). 3. Жау, дұшпан, қас. Қарғыс атқан қара свастика көз алдымда тұр менің. Өлгендер, тұрыңдар! Тірілер, аттаныңдар! Адамның тонын киген жаттарың бар, Аттаныңдар! (М.Мақатаев, Шығ.). Қараймын мен хат жолына, Бақыт құсы ұшты менен. Деревнямыз жат қолына, Жетті хабар түсті деген (С.Мәуленов, Алыс кет.). Бір күні оған жат деп жала жауып, Тергеді қайта-қайта жауап алып. Содан соң бұзылмайтын үкім шықты, Жаны адал, ақ болса да қараланып (С.Мәуленов, Алыс кет.). 4. ауыспалы мағына. Лайықсыз, сөлекет, өрескел. Аз өмірінде бірінші рет көзіне жас алады. Бұл Азусарыға жат мінез екен (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Жаяумын, бұл сәт, о, ғажап, Көшеде жоқ қозғалыс. Құбылыс қой мынау жат, Қашан, қалай болған іс? (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Жорамал, жат сезімді жояйыншы, Қасында бір күн жақын болайыншы. Еркіме естен танған жібер менің, Шөлдеткен шәрбатыңа тояйыншы (К.Салықов, Жезкиік). Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі. Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегібай, Тол. жин.).