lat: Jattyǵý, qalyptasý, qalyptaný, kánigilený, daǵdylaný, ádettený, mashyqtaný, ádistený
Белгілі бір іске әбден үйреніп, оны дағдыға айналдыру, жетік болу.
Ұйқы-күлкі дегенді жинап қойып, жатпай- тұрмай жаттығуга тура келді (А. Шамкенов).
Біраздан кейін дене шынығып, бұған да етіміз үйреніп, қалыптасып кетерміз (Ғ. Сланов).
Бар адамның өдет алып, аузы қалытанып кеткен өзінше бір мәтел- дері болады (Қ. Тайшықов).
Бақша ісіне жергілікті халықтың әбден кәнігіленіп алғанын Дәулет өз әкесінің қылығынан көреді (С. Мүқанов).
Итті жаттықтыру жайында жазылған кітаптардан оқып, итті аң аулауға үйретіп, дағдыландыра біл (Ш. Айманов).
Мүмкіндігінше сендер де шаруа істеуге, істеушілермен көп кеңесуге ә деттеніңіздер (С. Дөнентаев).
Соңғы он үш-он төрт жылдан бері қой соңында келе жатқан Қоспан өз тіршілігінің тәсіліне жетіліп, машықтанып алған еді (Т. Ахтанов).
Өзара әзіл-оспақпен қағысқанда, олар әдістеніп қалған тазы мен қасқырдай біріне-бірі көпке дейін алдырмайды (С. Мұқанов).