Жаттығу

lat: Jattyǵý

зат есім. 1. Белгілі бір өнерді игеру үшін керекті дағдылану процесі. Ол артиллерист болды, жұртпен бірге жаттығуларға қатысты .Нұршайықов, Батыр.). Анда-санда осында әртүрлі «авариялар» қолдан жасалып, ішіне түтін, газ қаптатып, отряд мүшелері жаттығулар жасайды .Хайдаров, Құрыш білек.). 2. спорт. Жүйелі түрде дене шынықтырудың жиынтық комплексі . Гимнастикалық жаттығулар организмді шынықтырып, бойға қуат беріп, денсаулықты онан сайын жақсарта түседі.Сисекенов, Өкпе ауру.). Егер бала денешынықтыру жаттығуларымен айналысса, мұны оның әдетке айналдыруы қажет.Нұрғожаев, Бала. ауруы.). 3. педагогикалық. Оқушының жаңа материалды жақсы түсінуі үшін жүргізілетін оқыту процесіндегі әдіс. Болат алдымен орыс тілінен берілген жаттығуларды істеп жатыр.Байтанаев, Болат). Жаттығу жұмыстарында ережелер түсіндіріледі.Жарықбаев, Психология).