Жаттығу

lat: Jattyǵý

Жаттық етістігінің қимыл атауы; меңгеру мақсатында қимылды қайталап орындау. Оқытып-үйретудің әртүрлі жағдайларында жаттығу үйрену процесінің барлық құрауыштары қимылдың мазмұнын анықтау, оны пысықтау, қорытындылау және автоматтандыру соның шеңберінде жүзеге асырылатын бірден-бір амал болып табылады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Енді башқұртша, қазақша кітаптар оқып, жазуға жаттығуды ойлап жүрмін (С.Сейфуллин, Шығ.). Ұйқы-күлкі дегенді жинап қойып, жатпай-тұрмай жаттығуға тура келді (А.Шамкенов, Толқын.). Балтық флоты корабльдерінің бірінде сүңгушілер жаттығу үшін су түбіне сүңгіді («Соц. Қаз.»). Марштың жылдамдығы мен тәуліктік жол қашықтығы жүріс түріне, әскерлердің маршқа жаттығуына, жеке құрамның шынығуына байланысты (ҚСЭ).