Жаттығу әдісі

lat: Jattyǵý ádisi

педагогикалық. Оқушының білімін пысықтап, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған оқыту әдісі. Жаттығу әдісі арқылы оқушының білімі тереңдетіліп, шығармашылық қабілеті дамытылады (Қаз. тілі термин. Педагогика). Жаттығу әдісін қолданғанда оқушылардың еліктеуін және шығармашылық іс-әрекетін есепке алумен қатар, олардың ой толғанысын, өзіндік шешімін де ескеру қажет (ҚҰЭ).