Жаттығу қаруы

lat: Jattyǵý qarýy

әскери. Оқу сабақтарында жаттығу үшін қолданылатын қару түрлері. Жаттығу қаруының құрылысы, оны бөлшектеу, жинау мен тексеру әдістері оқытылады (Қаз. тілі термин. Әскери.). Жаттығу қаруы ретінде ұрыс қаруының есептен шыққан үлгілері қолданылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).