Жаттықтырушы

lat: Jattyqtyrýshy

зат есім. <ағылшын тілі. trainer> Спорт өнерінің әр саласынан маман ойыншы даярлайтын ұстаз; баулушы. Жасыл алаңдағы әрбір ойыншы бейне бір сахнадағы актер де, ал жаттықтырушы режиссер іспетті («Лен. жас»). Кездесу аяқталғаннан кейін команданың жаттықтырушысы Заңғар Жәркешовке бір-екі сұрақ бердікСпорт»). Жаттықтырушы өз ісіне әбден берілген, ықтиятты, тәжірибелі болуы керек (О.Жарылғапов, Волейбол.).