Жатыпатар

lat: Jatypatar

сын есім. Жымысқы мінезді, үндемей отырып сөзбен шымшып алатын (адам туралы). Жатыпатар екенің де мәлім. Сөзге бұрын араласпасаң, енді араласасың. «Қосшысыз» қазір сөз бар ма? Аманның ең жақын адамысың (Ғ.Мұстафин, Шығ.). Менің өз бойыма шақ жатыпатар қулығым бар (С.Омаров, Шығ.). Бұрын күйінішті болып, ашынып, ашық қимылдап жүргендер бұл кезде біршама жуасып, жатыпатар, бүкпе қарекетке ауысқан (С.Омаров, Қайырлы жаз).