сын есім. Еңбек істемейтін жалқау, масыл, арамтамақ. Байлар көп жатыпішер, арам тамақ, Өсірген, қызығын көрмей, басын санап, Шынында, өсіретін кедей жалшы, Бай еңбек сіңірген жоқ малды қарап (С.Торайғыров, Шығ.). Сол дәулет масы, жатыпішер мырзаларға бір күн өз қойын өзіне баққызып байқар ма еді? (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жанары жоқ, жатыпішер сорлыны айт, Өнер алды өршілде емей кімде екен? (М.Әуезов, Шығ.).