Жатыр

lat: Jatyr

зат есім. анатомиялық. <латын тілі. uterus> Әйелдің, аналық жан-жануарлардың бала, төл пайда болатын ішкі органы; іштегі ұрық дамитын қуысты түтікше мүше. Дамып жетілуі мен құрылысына байланысты жатыр бірнеше түрге бөлінеді. Олар: бір қынапты қос жатыр (пілде, кемірушілерде), қос бөлімді жатыр (кейбір кемірушілер мен қолқанаттыларда), қарапайым жатыр (приматтарда, адамда), қос мүйізді жатыр (үй жануарларында, жыртқыштарда) (Қаз. тілі термин. Биология). Жатыр әйелдердің ішкі жыныс органдарының орталығы болып саналады (Ә.Есенқұлов, Әйелдер.). Шешелерінің жатырынан найза ұстап туған, Абылайдың қанды балақ ұрпақтары бір жағынан бастары алынып жатса да, тәубе етер емес (І.Есенберлин, Қаһар). Төлдің жатырда өсіп-жетілуі біркелкі болмай, әрбір өсу сатысында өзіне тән ерекшеліктері болатын көрінеді (К.Дүйсенбаев, Жылқы тұқымы.).