ДЖАЗ-ФАНК

lat: Jaz-FANK

(муз.) 1) электрлендірілген дыбысқа қатты көңіл бөлуімен, аналогтық синтезаторлардың жиі кездесуімен ерекшеленетін джаз музыкасының жанры. Жанрдың пайда болуына джаздағы фанк, соул және ритм-н-блюз музыкалық стильдерінің интеграциялануы әсер етті; 2) джаз хореографиясы, хип-хоп, стрип-пластика, поп-хореография және вакингтің кейбір элементтерін ала отырып, 20 жыл бұрын Құрама Штаттарда пайда болған заманауи би стилі. Бұл би түрінде шапшаң, үзік қимылдар кенеттен нәзік әрі байыпты қозғалыстарға ауысып отырады.