Жазалаушы отряд

lat: Jazalaýshy otrád

Жазалау отряды (отарлаушы елдерде жергілікті тұрғындарды басып-жаншып, зәбір-жапа көрсету үшін жарақталатын әскери полициялық қарулы қол). Шығармада патшаның қазақ еңбекшілерін қанауы, ала аяқ алаштардың зымияндық әрекеттері, ж а з а л а у ш ы о т р я д т а р д ы ң жауыздық істері сөз болады (С. Мәуленов, Жер нәрі). Бірме-бірге атан түйедей анау Мерков әл бермейді. 16-жылы ж а з а л а у ш ы о т р я д т ы ң бастығы болып келгенінде, жұртты қанжоса еткен осы еді (Ә.Көшімов, Қарт аңшы).