ә д е б. Ерте замандағы шығыс поэзиясында (араб, парсы, моңғол т.б.) болған хат арқылы айтысу үрдісі. Ж а з б а ш а а й т ы с т а ақын әр жайды өлең етпей, бір желінің бойымен жүріп отырады, мұндай айтыста кейде мәдени, тарихи мәліметтер келтіріледі (Әдебиеттану термин.). Өкінішке орай, халық поэзиясының бұл түрі соңғы кезде сұйылып кетті, оның орнын ж а з б а ш а а й т ы с т а р баса бастады (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).