Ресми құжат түрінде белгілі бір бекітілген заңдарға сәйкес жазбаша рәсімделген екі жақ арасындағы келісім. Қызмет көрсету туралы жазбаша шарт жасалған жағдайда заңдарда белгіленген талаптардан басқа, шартта міндетті түрде пәндердің немесе сабақтардың атауы, олардың көлемі, қызмет көрсетудің қүны, тараптардың жауапкершілігі туралы деректер қамтылуы тиіс («Түркістан»).