Жазбаша шарт

lat: Jazbasha shart

Ресми құжат түрінде белгілі бір бекітілген заңдарға сәйкес жазбаша рәсімделген екі жақ арасындағы келісім. Қызмет көрсету туралы ж а з б а ш а ш а р т жасалған жағдайда заңдарда белгіленген талаптардан басқа, шартта міндетті түрде пәндердің немесе сабақтардың атауы, олардың көлемі, қызмет көрсетудің қүны, тараптардың жауапкершілігі туралы деректер қамтылуы тиіс («Түркістан»).