Жең

lat: Jeń

зат есім. 1. Киімнің иықтан қолдың білезігіне дейін жетіп тұратын бөлігі. Самсаған шекпен, шапан, жадағай ж е ң д е р жоғары көтерілді (Х.Есенжанов, Көп жыл.). Шекпенінің ж е ң і н жүре сұғынып, бойы сереңерең етіп, атқа қарай бара жатты (З.Ақышев, Жаяу Мұса). Киім берсе, береді жыртылғанын, Кір, сасығын, ж е ң, жаға қырқылғанын (С.Торайғыров, Алаш.). Тентектер бола беред ел ішінде, Қол сынса көрінбейді ж е ң ішінде. Кенекең, Каракең де қой, деп отыр, Көпшілік келу керек келісімге (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса ж е ң ішінде (Мақал). 2. ауыспалы мағына. Қол деген мағынада. Абай қызыққаннан Шәкенің қаршығасын өз ж е ң і н е қондырып алды (М.Әуезов, Абай). Самсаған шекпен, шапан, жадағай ж е ң д е р жоғары көтерілді (X.Есенжанов, Көп жыл.).