етістік. 1. Соғыста қарсыласына тізе бүгу, жеңіліске ұшырау. Оқ-дәрілі мылтық пен көк құрыш қылышқа шыдай алмай Жоламан әскері сан ж е ң і л д і (I.Есенберлин, Қаһар). Кемімеспін енді деп, Зауалды жалған дүниеге Біле білсең таспаңдар. Қарсы жүрген адамның Басын исе достық қыл. Ж е ң і л с е дұшпан достық қыл, Аяққа салып баспаңдар (Шал ақын, Өлеңд.). Жапонияның ж е ң і л е т і н ін е көзі жетіп тұрса да сол кездегі АҚШ-тың президенті Трумэн, Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына 1945 ж. 7 августа атом бомбаларын тастаттыруы барып тұрған қаталдық (О.Жәутіков, Жаратылыстану.). 2. Ұтылу, күші кемшін түсу. Ж е ң і л і п қалса Зәпира деп аузын ашпасын, ат-шапан айыбын төлеп аулына аттансын, – дейді Нұрбай (Б.Момышұлы, Шығ.). Жеңген Кәкітай да, ж е ң і л г е н ақындар да… мәз бола түсті (М.Әуезов, Абай жолы). 3. Шарасыздық таныту, мойынсыну. Сен жеңдің, мен ж е ң і лд і м, бұрын өттім, жолыңа шыбын жанды құрбан еттім. Қолына сағынғанда қарасын деп, Белгілі жүзігімді беріп кеттім (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Жеңбей де, қатарымнан ж е ң і л м е й де Түсінбей жүретінім менің кейде. Ерлікпен қаза тапқан кісілерге Ерліктің жұлдыздары берілмей ме? (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Түс қайта Шөпішті аттандырып, ауырына ж е ң і л г е н д е й болған ауылға Күлжанның Әуезді шақыртқан хабары тиді (К.Оразалин, Абай.). Мен ж е ң і л д і м, тұңғыш рет қыз алдында жеңілдім, Жеңілмейміз дегеніміз желігі екен көңілдің (М.Шаханов, Ғасырлар.).