Жеңілдет етістігінің қимыл атауы. 1. Салмағын азайту. Еліміздің болатқа деген зор талабын өтеудің неғұрлым прогрессивтік және нақтылы жолы болат конструкциялар мен машиналардың салмағын ж е ң і л д е т у болып табылады (Қ.Сәтбаев, Қазақстан.). 2. Оңайлату. Ауылдағы жетімдердің тұрмысын ж е ң і л д е т у ниетімен Асқар үкімет орындарына запискалар жазды (С.Мұқанов, Ботагөз). Бұл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын ж е ң і л д е т у деп есептеуге болады (Б.Жүнісов,.. Нарық. экон. негіз.). Енді келіннің жұмысын ж е ң і л д е т у д і Дәріш өз міндетіне алғандай сыңайға көшті (А.Байтанаев, Қайнар). Жастардың күш-қуатын дамыту, жас адамдардың нарық қатынастарына енудегі бастапқы шарттарын ж е ң і л д е т у мақсатында жас азаматтардың кәсіпкерлік қызметін әлеуметтік-экономикалық ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау шараларын жасау қажет (Ә.Кекілбаев, Үш белес). 3. Азайту. Өлік шыққан үйді туысқандары бас-басына қонаққа шақырып, қошамет етіп, қайғысын ж е ң і л д ет у г е тырысатын дәстүр бар (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Қазақ басына төнген осындай ауыр күржілерді біз шамамыз келгенше ж е ң і л д е т уг е тырысудамыз (І.Есенберлин, Қаһар). Олар Тарастың қасына өздерінің қайғысын ж е ң і л д ет у үшін, жауға қарсы күреске рухани күш алып қайту үшін келетін (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).