Жеңіліс

lat: Jeńilis

зат есім. Жеңілгендік, тізе бүккендік, бағынғандық. Соғыс салмағынан жаншылып, ж е ң і л і с азасын енді ғана сезіне бастаған ел езу тартуға ұялатын (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Аузымнан А-дегенде-ақ жалын шықты, Сол жалын жұқа да емес қалың шықты. Ерліктен жеңілдім мен, сол ж е ң і л і с Жеңістің биігіне алып шықты (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Менің бабам ж е ң і л і с, жеңісімен, Әйтеуір, үлгі болған ер ісімен. Жолбарыстың жонынан қайыс тіліп, Тон жамылған арыстан терісінен (С.Мәуленов, Алыс кет.). Адамды батыр деу үшін Осындай түсіп, көр көзбен, Ж е ң і л і с яки жеңісін, Содан соң айтып бер сөзбен (Ғ.Қайырбеков, Таулар.). Әлемдегі асу бермес ең ұлы іс, Күнделікті жеңіс пен ж е ң і л і с Елге деген махаббаттың безбенімен өлшенер Безбен сынса безбүйректік белсенер (М.Шаханов, Ғасырлар.).