Жеңіліс тапты

lat: Jeńilis tapty

а) Жеңілді, тізе бүкті. Ж е ң і л і с  т а б а т ы н болсақ осы тобымызбен шекараны бұзып өтіп кетеміз (О.Иманәлиев, Байқадам). Бұлар бірде-бір рет ж е ң і л і с  т а п п а ғ а н ең мықты, ең озат деген құдіретті жауынгерлер (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). Қазы бетпе-бет айқаста ж е ң і л і с  т а п с а да Есенжолдан ықпайды (М.Мағауин, Ақша қар). ә) Ұтылып қалды. Жұрт алдында өздері масқара болып, ж е ң і л і с  т а б а д ы (М.Ғабдуллин, Қаз. ауыз әдеб.). Биік ой аласа ойдың алдында ж ең і л і с т а п т ы (Д.Исабеков, Қарғын).