Жеңіс

lat: Jeńis

зат есім. 1. Жауға, дұшпанға күйрете соққы бергендік, бетін қайтарғандық, жеңгендік. Бір күн, бір түн арпалыс, ж е ң і с белгісін бере алған жоқ (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Ж е ң і ст е н кейінгі жылдар да жас қыздың санасын сарғайтқан (Ш.Құмарова, Қос шынар). Бүгінгі газетте Дон майданының Еділдегі ерлерінің ж е ң і с і жарияланған (Жілеков, Шалғай шеп.). Ж е ң і с к е жеткен қолбасшыдай бала көңілімде бір шалқу, кәдімгідей желік бар (Б.Нұржекеев, Бір өкініш.). Мен болсам, өлім деген ойымда жоқ та, ж е ң і с п е н қайтып ораларыма шексіз сенемін (Жілеков, От кешу). Екі жақты шайқас Әбекеңнің ж е ң іс і м е н аяқталды (Ә.Жылқышиев, Айтолқын). Ақын біткен Қиялы, Қиғаштағы шайқас пен Исатай батырдың ж е ң і с і жайлы жыр толғады (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). 2. Белгілі бір мақсатты, істі іске асыру жолындағы күрестің, еңбектің нәтижесі, табысы. Ірі индустрияның ж е ң і с т е р і поезд бен аэроплан Сәкеннің ақындық қиялынан еш уақытта алыстаған емес (С.Мұқанов, Есею жыл.). Колхоздың табысы, қол жеткен ж е ң і с і айтылды (С.Бақбергенов, Адам.). Жастардың да бүгін күрең беттері, Еңбегінің ж е ң і с і н е сүйінген (А.Хангелдин, Қыз жүрегі). Сырым мен Бекболаттың, Исатай мен Амангелді батырлардың ж е ң і с жолы осындай айла мен ерлік жолы (С.Танекев, Қиян асу).