Жеңіс

lat: Jeńis

етістік. Жеңуге көмектесу, бірге жеңу. Таяқ жейтін шаруалардың көбі батысқа барып Наполеонды ж е ң і с і п, Европаны азат етісіп қайтқандар, Бородин күнін көздерімен өткергендер (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Ескі ақын біз емеспіз керісетін, Жеңіліп біреуіміз ж е ң і с е т і н (Айтыс). Қылышпенен бір-біріне шапты дейді, Бір-біріне тигізбей қақты дейді. Екеуі күн батқанша ж е ң і с п е д і, Кеш болыпты, жай-жайына жатты дейді (Бабалар сөзі).