Жебе

lat: Jebe

етістік. Демеу, таяныш болу, қолдау. Өлі аруақ жебесін, тірі аруақ демесін, Етке тоймаған қонақ осыдан артық не десін? (Шал ақын, Өлеңд.). Қан сасыған даламның, Қатын менен баламның, Кегін қайтіп алармын? Жебеп жібер, әулие?! (М.Мақатаев, Шығ.). Қанды майдан асуда, Келем отқа ілінбей. Жебеп мені қасымда, Бірге жүрсің білінбей (С.Мәуленов, Алыс кет.). Талантты жебеп, талапты демейтін де осындай нұрлы лебіздер ғой (Б.Әбдіразақов, Сыр саңлақтары).