үстеу. Тез, жылдам: асығыс, тығыз. Мирзоян қазақтың ән-күй театрын ашуды жедел қолға алды (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар (ҚР Конституциясы). Жедел басып Әлімов, Беттеді оқу үйіне (С.Мәуленов, Жолдас). Бір хабар жетіп келді жедел тығыз, Бой мұздап, жүрек сыздап құбылдық біз. Әліби, табытыңды иыққа сап, Егілмей біз келеміз басып нығыз (О.Шипин, Дастан.).