Жедел бронхит

lat: Jedel bronhıt

мед. Қолқаға салқын тиюдің кесірінен болатын, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел түрінде көрінетін бронхит түрі.

Жедел бронхитпен ауырғанда науқас тоңады, жиі есінейді, басы ауырады, даусы қарлығып, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін қақырық араласқан жөтел жиі пайда болады. Дене температурасы көбіне қалыпты жағдайда сақталады (ҚҰЭ).

Жедел бронхит, негізінен, 1 -3 аптада толықтай жазылып кетеді. Жас балалар мен қарияларда бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді, тез ем қолданбаса, созылмалы түрге айналады (ҚҰЭ).