Жеделдік

lat: Jedeldik

зат есім. Шапшаңдық, тездік, жылдамдық. Әрине, бұл жеделдік, бұл шымырлық кедейге өзінен-өзі келген жоқ еді (I.Омаров, Серпін). Әуесхан өзінің жинақылығы, жеделдігі, оның үстіне аса бір биязылығымен есте қалады («Лен. жас»). Келекеле тракторды жүргізіп, әртүрлі жүріс жеделдігіне алма-кезек ауыстырып байқайтын болдық (Ж.Жұмақанов, Ескі жол).